Бүгіннен бастап Астанада дүниеге келген әр сәбидің атынан бір атаулы көшеттен отырғызылатын болады

АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Әмірхан Рақымжанов «Әр сәбиге – бір көшеттен» акциясын бастап, №1 перзентханада дүниеге келген нәрестелердің ата-аналарына атаулы көшеттердің орналасу сызбасы көрсетілген алғашқы буклеттерді табыс етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құрылысы қарқынды жүріп жатқан Астананы көгалдандыру да ерекше маңызды болғандықтан, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Әр сәбиге ? бір көшеттен» акциясын өткізуді ұйғарды. Бүгіннен бастап қалада дүниеге келген әрбір нәрестеге бір көшеттен аталатын болады. Ондағы мақсат - әрбір перзентке елорданың тарихына өзіндік із-таңбасын қалдырту», - деді Ә.Рақымжанов. Атаулы көшеттер белгіленген сызба бойынша саябақтар, гүлзарлар мен мәдени демалыс алаңдарына отырғызылмақ. Олардың күтімімен сәбилердің ата-аналарымен қоса, арнайы мекемелер де айналысатын болады. Акцияның өткізілу мерзімі шексіз. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, елордада ай сайын 1200-ге жуық, ал күніне 35-40 сәби дүние есігін ашады.
Соңғы жаңалықтар