Бүгіннен бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі - Жолдау жүктеген міндеттер

nbsp;АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Алда тұрған онжылдықтың аса маңыз­ды міндеті - Қазақстанның барлық аза­мат­тарының өмір сапасы мен деңгейін жақ­сарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қор­ғалуды нығайту.
None
None

Және мемлекетіміз ел халқы санының 2020 жылы 10 пайызға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаңтардың 29-ында Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Жолдауында мәлім етті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде атап көрсеткендей, біздің мемлекеттік әлеуметтік сая­са­ты­мыздағы басты басымдық халықтың жұ­мыс­пен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. «Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұ­мыссыздық деңгейі 5 пайыздан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 пайыздан аспайтын болсын деген міндет қоямын», деді Елбасы өз сөзінде.

Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адам­дарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стан­дарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.

2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 60 пайызы деңгейіне дейін өсіріліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттырылуы тиіс.

«Біз өз іс-әрекетімізде дәйектілікті ұс­та­намыз. Өткен жылы зейнетақылар, шә­кірт­ақылар, бюджет саласы қызмет­кер­лері­нің еңбекақылары 25 пайызға өсірілді. Әлеуметтік жәрдемақылар орта есеппен 9 пайызға артты.Республикалық бюджетте үстіміздегі жылы да зейнетақыларды 1 қаңтардан бас­тап, ал шәкіртақылар мен бюджетте­гілер еңбекақыларын 1 шілдеден бастап жиырма бес пайызға өсіру қарастырылған.

Өткен жылғы экономика өсімінің оң сер­пінін шәкіртақылар мен бюджеттегі­лер­дің еңбекақыларын үш ай бұрын - 2010 жылдың сәуірінен бастап өсіруге мүм­кіндік береді деп есептеймін. Үкі­мет­ке осы үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын», деп атап көрсетті Елбасы өз Жолдауында.

Бюджетті нақтылауда Елбасы Жолдауына сәйкес бюджет қызметкерлерінің жалақыларын есептеуде қолданылатын базалық лауазымдық айлықты 10 890 теңгеден 13 613 теңгеге дейін арттыру жолымен, сәуірдің 1-інен бастап олардың жалақысын 25 пайызға көтеру қарастырылып отыр.

Осы мақсатта 1400 мың бюджет қызметкері үшін мемлекет бюджетінен 53,8 миллиард теңге қарастырылған, бұл соманың 24,2 мыңы жергілікті деңгейдегі ұйымдарға жолданады.

Қазіргі таңда мемлекеттік органдарды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар мен оларға қарасты ұйымдарды қаржыландыру жоспарларына өзгертулер енгізіліп отыр. Сәуірдің 1-інен бастап барлық бюджеттік ұйымдар жалақының 25 пайыздық өсімі ескеріле отырып қаржыландырылады.

2009 жылмен салыстырғанда, орташа жалақы 43 883 теңгеден 54 510 теңгеге дейін өседі, оның ішінде білім саласы қызметкерлерінің жалақысы 40 125 теңгеден 52 300 теңгеге дейін, денсаулық сақтау қызметкерлері үшін 45 642 теңгеден 56 720 теңгеге дейін өседі.

Сондай-ақ демалысқа шыққанда барлық бюджетшілерге берілетін емделу жәрдемақысы да көтерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар