Бүгіннен бастап ел өңірлерінде «Мектепке жол» акциясы өтеді

ТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін 1 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайынғы «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өтеді.

Бүгіннен бастап ел өңірлерінде «Мектепке жол» акциясы өтеді

Акцияның мақсаты - балалардың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке бара алмауының алдын алу болып табылады және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсетуге бағытталады. Акция кезеңінде рейдтік, аулаларды (пәтерлерді) аралау және тағы басқа іс-шаралар барысында сабаққа барудан қалған, оқуға қатыспайтын балаларды анықтауға ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек, шара аясында республиканың әр өңірінде демеушілер мен меценаттарды кеңінен қатыстырып «Балалық шақты қорғауға 20 қадам» қайырымдылық марафонын өткізу жоспарлануда. Осыған байланысты, Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық азаматтарын, бизнесмендерді, кәсіпкерлерді, меценаттарды өмірде қиын жағдайға душар болған отбасылар мен балаларға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей атсалысуға шақырады.