07:27, 08 Қазан 2024 | GMT +5
Бүгін 9 қалада метеорологиялық жағдай қолайсыз болады – Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Cиноптиктердің болжамы бойынша, 8 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.