Бүгін Алматы мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 3 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Экология министрлігі Ақбұлақ өзеніндегі майлы дақтарға қатысты түсінік берді.
Осыған дейін Түркістан облысында экологиялық заңнаманы бұзудың 73 дерегі анықталды.