Бүгін Алматыда және тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
– 21 мамырда Алматы қаласында, түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, соңғы үш жылда Астанада ауа сапасы мен Есіл өзенінің жағдайы жақсарған.
Ал Маңғыстауда экологиялық талаптарды бұзған компанияға 474 млн теңге айыппұл салынды.