Бүгін Астана, Алматы және тағы үш қаланың ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 20 мамырда Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Абай облысында жыл басынан бері 5772 экологиялық құқық бұзушылық тіркелді.
Осыған дейін Өскеменде өнеркәсіп аумағында ағаш жапырақтарының сарғаюына байланысты экологтер тексеру жүргізетіні туралы жазған болатынбыз.