Бүгін Астана мен тағы 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 7 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау, Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Атырауда экология талаптарын бұзғандарға 2,4 млрд теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ Түркістан облысында экологиялық заңнаманы бұзудың 73 дерегі анықталды.