Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін Астана жаңбырлы, Алматы мен Шымкентте аптап ыстық

АСТАНА. KAZINFORM — 16 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл және 40 градусқа дейінгі ыстық болатынын болжады.

Бүгін Астана жаңбырлы, Алматы мен Шымкентте аптап ыстық
Фото: Ақорда

Бүгін Астанада ауа температурасы күндіз +23…+25°C аралығында болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматыда күн ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +35…+37°C-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с шамасында.

Шымкентте де аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +37…+39°C аралығында болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.

Бүгін сондай-ақ еліміздің көптеген өңірінде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады.