Астанада Ш. Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Ш. Қалдаяқов көшесінің С. Нұрмағамбетов пен Ұлы дала даңғылдарының аралығындағы бөлігі пайдалануға берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
— Жолды санитарлық тазалау мен қоқыс шығару жұмыстары аяқталып қалды. Жүргізушілер көшенің толық ашылуы үшін жол бойында тұрған көліктерін алып кеткені жөн. Көшенің ашылуы 6 шілде сағат 06:00–07:00 аралығында жоспарланған, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек көшелерінің бір бөлігі жабылатынын жазғанбыз.