Бүгін – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы жұмыскерлері күні
АСТАНА. KAZINFORM — Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы жұмыскерлері күні қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Атаулы күн кәсіби мерекелер тізбесіне биыл қосылды.
Сервис инженерлерінің, реттеушілердің, операторлардың еңбегі өнеркәсіп пен энергетикадан бастап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен қалалық инфрақұрылымға дейінгі көптеген саладағы аспаптардың жұмысыныңың дәлдігін, сенімділігін және тиімділігін қамтамасыз етеді.
Заманауи шешімдерді енгізу және үдерісті бақылау – сала мамандарының ел дамуына қосқан үлесін стратегиялық тұрғыдан маңызды етеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін биылдан бастап 29 қазан ресми түрде кәсіби мереке— Қазақстан кәсіпкерлері күні болып белгіленгенін жазған едік. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрығына 2025 жылғы 30 шілдеде қол қойылды. Бұл туралы Экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.