Бүгін батыс өңірлерде аптап ыстық болады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» болжамына сәйкес, 6 шілдеде ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады.
Ел аумағынан атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Елдің солтүстігі мен шығысында қатты жел тұрып, солтүстігінде, шығысында және орталық аймақтарында жаңбыр жаууы ықтимал.
Республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның барлық аумағында жел күшейеді, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында күндіз 35-40 градус қатты ыстық болжанған.
Айта кетейік, бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы төмендейді.