Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін батыс пен шығыстағы қалаларда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

ауа сапасы, экология
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

— 14 шілдеде Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Астана, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда ауадағы күкіртсутегінің мөлшері нормадан 10 есе асқаны туралы хабарлаған болатынбыз.