Бүгін бір мегаполисте ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, 19 қаңтарда Алматы қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Өскеменде ғалымдар ауа сапасына мониторинг жасау үшін картографиялық атлас жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар