Бүгін Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде қарымта ойындар басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің қарымта ойындары өтеді.

Бүгін Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде қарымта ойындар басталады
Фото: Championat.com

Жарыстың бұл кезеңінде «Реал Мадрид» (Испания), «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Боруссия Дортмунд» (Германия) секілді командалар сынға түседі. Негізгі кезеңде олар 1/8 финалға тікелей жолдама алған сегіздіктің қатарына қосыла алған жоқ.

Бұл ойындардың арасынан 24 ақпанда Қазақстан уақытымен сағат 22:35–те «Атлетико Мадрид» (Испания) пен «Брюгге» (Бельгия), 24 ақпаннан 25-не қараған түні сағат 00:50–де «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) пен «Карабах» (Әзербайжан) кездесуі «Qazsport», «Интер Милан» (Италия) — «Будё-Глимт» (Норвегия) ойыны «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ 25 ақпанда қазақстандық жанкүйерлер Қазақстан уақытымен сағат 22:35–те «Аталанта» (Италия) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), 25 ақпаннан 26-на қараған түні сағат 00:50–де «Реал Мадрид» (Испания) пен «Бенфика» (Португалия) кездесуін «Qazsport», «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Монако» (Франция) ойынын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

24 ақпан

«Ньюкасл Юнайтед» (Англия) — «Карабах» (Әзербайжан)

«Байер» (Германия) — «Олимпиакос» (Грекия)

«Атлетико Мадрид» (Испания) — «Брюгге» (Бельгия)

«Интер Милан» (Италия) — «Будё-Глимт» (Норвегия)
25 ақпан

«Ювентус» (Италия) — «Галатасарай» (Түркия)

«Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Монако» (Франция)

«Реал Мадрид» (Испания) — «Бенфика» (Португалия)

«Аталанта» (Италия) — «Боруссия Дортмунд» (Германия).

Алғашқы ойындар 17 және 18 ақпан күндері өткізілді.

Ал негізгі кезеңде үздік сегіздікке іліккен «Арсенал» (Англия), «Бавария» (Германия), «Ливерпуль» (Англия), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Барселона» (Испания), «Челси» (Англия), «Спортинг» (Португалия), «Манчестер Сити» (Англия) клубтары бірден ширек финалға жолдама алады. 

Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум