06:26, 20 Сәуір 2025 | GMT +5
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 20 сәуірде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, елімізде ауа сапасы нашарлаған қалалар саны азайды.