06:31, 09 Қараша 2024 | GMT +5
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 9 қарашада ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Алматы мен Атырау қалаларында болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.