Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

ауа сапасы
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — 30 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 30 сәуір, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Атырау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар