Бүгін екі мегаполисте ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 31 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының экология департаменті биыл 216 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 131 заң бұзушылықты анықтады.
Сондай-ақ Павлодар облысында қай қала ауаны көбірек ластайтыны белгілі болды.