Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін елімізде үш орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 27 шілдеде республика бойынша мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.

а
Фото: Экология министрлігі

Өңірлер бойынша:

• Ақмола облысында – 2 орман өрті;

• Шығыс Қазақстан облысында – 1 орман өрті;

• Батыс Қазақстан облысында – 2 орман өрті.

Қазір Батыс Қазақстан облысында болған орман өртін оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығының, мемлекеттік орман күзетінің және төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен техникалары жұмылдырылған.

Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген орман өрттері бойынша барлық қажетті күштер мен құралдар тартылып, өрт ошақтары толық сөндірілді. Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында дер кезінде анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде олардың кең аумаққа таралуына жол берілмеді.

– Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Батыс Қазақстанда ормандағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылғанын жазған едік.