Бүгін еліміздің бес қаласын ауа сапасының нашарлайтыны хабарланды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

«2026 жылғы 16 қаңтарда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Өскемен қаласында экологтар сары түсті қар жауғаны туралы ақпарат түскен соң тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысына сүйенсек, ауа арқылы шаң мен құм бөлшектері төңірекке тарап, қардың түсін өзгертіп жіберген.

Ал кеше еліміздің 12 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар