Бүгін еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 7 өрт тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 1 тамызда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 7 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚР Экология министрлігінің бапасөз қызметі.
Өңірлер бойынша:
* Ақмола облысы – 3 өрт;
* Қостанай облысы – 2 өрт;
* Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – 1 өрт.
- Өрт ошақтары РМҚК «Қазавиаорманқорғау» әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында дер кезінде анықталды. Өрттерді сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» күштері мен қажетті техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт ошақтары толық сөндірілді. Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше ел аймақтарында екі орман өрті тіркелген болатын.