Бүгін еліміздің оннан астам қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

— 2026 жылғы 3 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы және түнде Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда экологиялық шектеулері бар аймақ белгіленгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар