Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еліміздің орман қоры аумағында бір күнде 3 орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — 22 шілдеде «Семей орманы» резерватындағы үш өрттің шығуына найзағай разряды себеп болған, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

Бүгін еліміздің орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Ведомство мәліметінше, өрт ошақтары «Казавиаорманқорғау» РМКҚ әуе патрульдеуі барысында және ерте анықтау жүйесі арқылы анықталды. Бұл орман қызметкерлері мен әуе десантшыларының өртті жедел оқшаулап, таралу жолының алдын алуға мүмкіндік берді.

— Орман қызметкерлері мен «Казавиаорманқорғау» РМКҚ қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында барлық қажетті техника жұмылдырылып, аз аумақты қамтыған өрт дереу сөндіріліп, аймаққа қауіп төнген жоқ, — делінген хабарламада.

Комитет өрт қаупі жоғары аумақтарда, жалпы табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздік шараларын, тазалықты қатаң сақтауға шақырды.

Бүгін еліміздің орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Бұған дейін 21 шілдеде Қазақстанның орман қоры аумағында 19 өрт сөндірілгенін жазғанбыз.