Бүгін еліміздің орталығындағы қалаларда ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 4 мамырда Астана, Павлодар, Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Жезқазған қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Тәжікстандағы мұздықтардың еруі Орталық Азияға қауіп төндіреді. Климаттың өзгеруі Орталық Азия үшін экологиялық мәселе ғана емес, стратегиялық сын-қатерге айналды.