Бүгін еліміздің солтүстік-батысында қалың қар жауады

Бүгін, 13 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, негізінен қар жауады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Бүгін еліміздің солтүстік-батысында қалың қар жауады
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың солтүстік-батысында қалың қар жауады. Оңтүстіктегі таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram