Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«2024 жылғы 12 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе түнде Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін экологияға ең қауіпті және зиянды электр станциялары туралы жазған едік.

 

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасында өрт тұтанды
Ұқсас жаңалықтар

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасында өрт тұтанды