Бүгін футболдан Бірінші лиганың ІІ тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің ІІ туры басталады.
Бұл тур ойындары 16 және 17 сәуір күндері өткізіледі.
Биыл түркістандық «Тұран», қарағандылық «Шахтер» және Жамбыл облысының «Тараз» командалары Премьер-лигаға берілетін жолдамадан басты үміткерлер қатарында саналады.
16 сәуір
15:00. «Каспий-Ж» (Ақтау) - «Қайрат-Ж» (Алматы)
16:00. «Жайық» (Орал) - «Астана-Ж»
18:00. «Тұран» (Түркістан) - «Арыс» (Түркістан облысы)
17сәуір
15:00. «Шахтер» (Қарағанды) - «Батыр» (Павлодар облысы)
15:00. «Ақтөбе-Ж» - «Тараз»
15:00. «Елімай-Ж» (Семей) - «Хан тәңірі» (Алматы)
16:00. «Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Тобыл-Ж» (Қостанай).
Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.
Айта кетсек, «Тұран» футболдан Бірінші лига ойындарын сәтсіз бастады. Олар өз алаңында «Академия Оңтүстік» клубына 1:2 есебімен жол берді.
Ал «Тараз» өз алаңында Павлодар облысының «Батыр» командасын 3:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде көш басында тұр.
Доп додасы 2 сәуірде басталып, 22 қазанда мәресіне жетеді.