Бүгін футболдан Бірінші лиганың ІV тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл тур ойындары 30 сәуір, 1 және 2 мамыр күндері өткізіледі. 

футбол
Фото: «Шахтер» футбол клубы

Биыл түркістандық «Тұран», қарағандылық «Шахтер» және Жамбыл облысының «Тараз» командалары Премьер-лигаға берілетін жолдамадан басты үміткерлер қатарында саналады.

30 сәуір 

13:00. «Ақтөбе-Ж» — «Каспий-Ж» (Ақтау)
15:00. «Елімай-2» (Семей) — «Батыр» (Павлодар облысы)
18:00. «Арыс» (Түркістан облысы) — «Астана-Ж»

1 мамыр

15:00. «Шахтер» (Қарағанды) — «Тобыл-Ж» (Қостанай)
16:00. «Академия Оңтүстік» (Шымкент)- «Тараз»
18:00. «Тұран» (Түркістан) — «Хан тәңірі» (Алматы)

2 мамыр

18:00. «Жайық» (Орал) — «Қайрат-Ж» (Алматы).

Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Ұқсас жаңалықтар

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды