Бүгін футболдан Бірінші лиганың V тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл тур ойындары 7 және 8 мамыр күндері өткізіледі.
Биыл түркістандық «Тұран», қарағандылық «Шахтер» және Жамбыл облысының «Тараз» командалары Премьер-лигаға берілетін жолдамадан басты үміткерлер қатарында саналады.
7 мамыр
14:00. «Астана-Ж» — «Тұран» (Түркістан)
14:00. «Тобыл-Ж» (Қостанай) — «Арыс» (Түркістан облысы)
16:00. «Қайрат-Ж» (Алматы) — «Елімай-Ж» (Семей)
17:00. «Каспий-Ж» (Алматы) — «Шахтер» (Қарағанды)
8 мамыр
15:00. «Батыр» (Павлодар облысы) — «Ақтөбе-Ж»
16:00. «Тараз» — «Жайық» (Орал)
18:00. «Хан тәңірі» (Алматы) — «Академия Оңтүстік» (Шымкент)
Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.
Бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Шахтер» көш басына шыққанын жаздық.