Бүгін хоккейден әлем чемпионатында үшінші ойын күні өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионаты үшінші ойын күні, 17 мамырда алты кездесу өткізіледі.
Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген.
А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.
Бүгін, 17 мамырға алты ойын белгіленген.
Ойындар кестесі
- 15:20. Ұлыбритания - АҚШ
- 15:20. Италия - Словакия
- 19:20. Аустрия - Венгрия
- 19:20. Дания - Швеция
- 23:20. Германия - Латвия
- 23:20. Норвегия - Словения.
Ал екінші ойын күні, 16 мамырда алты кездесу өтті.
Ойындар нәтижесі
16 мамыр
- Ұлыбритания - Аустрия 2:5
- Словакия - Норвегия 2:1
- Венгрия - Финляндия 1:4
- Италия - Канада 0:6
- Словения - Чехия 3:2
- Швейцария - Латвия 4:2.
16 мамырда өткен ойындарда Канада - 28, Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.
Айта кетсек, биыл Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.