Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында ХІІ тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM - Бұл турдағы ойындар 27 және 28 мамыр күндеріне белгіленген.
Бүгін, 27 мамырда екі кездесу өткізілсе, 28 мамырда алты ойын болады.
Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.
Премьер-Лига, ХІ тур ойындары:
27 мамыр
16:00. «Алтай» - «Астана»
18:00. «Ертіс» - «Ұлытау»
28 мамыр
15:00. «Оқжетпес» - «Ақтөбе»
16:00. «Қызылжар - «Жетісу»
18:00. «Атырау» - «Тобыл»
19:00. «Жеңіс» - «Каспий»
19:00. «Қайсар» - «Елімай»
20:00. «Ордабасы» - «Қайрат».
Он бір турдан кейін «Қайрат» 26 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Ордабасының» 25, «Оқжетпестің» 22 ұпайы бар.