Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында ХХVІІ тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM - Бұл турдағы ойындар 17 және 18 қыркүйек күндеріне белгіленген.
Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда бақ сынап жатыр. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.
Премьер-Лига, ХХVІІ тур ойындары:
17 қыркүйек
19:00. «Астана» - «Қайрат»
19:00. «Тобыл» - «Елімай»
20:00. «Атырау» - «Ордабасы»
18 қыркүйек
16:00. «Оқжетпес» - «Жеңіс»
17:00. «Жетісу» - «Каспий»
17:00. «Алтай» - «Ертіс»
19:00. «Қызылжар» - «Қайсар»
20:00. «Ақтөбе» - «Ұлытау».
Айта кетсек, жиырма алтыншы турдан кейін 58 ұпаймен «Ордабасы» көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 57, «Астананың» 45 ұпайы бар.
Өткен турда «Қайрат» өз алаңында «Тобылдан» ойсырай жеңілді.