Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында ХІV тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл турдағы ойындар 20 және 21 маусым күндеріне белгіленген.

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында ХІV тур ойындары басталады
Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Бүгін, 20 маусымда төрт кездесу өткізілсе, 14 маусымда төрт ойын болады.

Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.

Премьер-Лига, ХІІІ тур ойындары:

20 маусым

16:00. «Алтай» — «Жетісу»
18:00. «Жеңіс» — «Ертіс»
20:00. «Қайсар» — «Ұлытау»
20:00. «Ордабасы» — «Каспий»

21 маусым

17:00. «Оқжетпес» — «Тобыл»
18:00. «Қызылжар» — «Қайрат»
19:00. «Елімай» — «Атырау»
20:00. «Ақтөбе» — «Астана».

Он үш турдан кейін «Ордабасы» 31 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 30, «Оқжетпестің» 24 ұпайы бар.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстан Премьер-лигасында ХVІІ турының алдын ала өткізілген ойынында «Қайрат» «Қызылжардан» басым түсті.