Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында оныншы тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл турдағы ойындар 16 және 17 мамыр күндеріне белгіленген.

ы
Фото: «Астана» футбол клубы

Бүгін, 16 мамырда үш кездесу өткізілсе, 18 мамырда бес ойын болады.

Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.

Премьер-Лига, Х тур ойындары:

16 мамыр

15:00. «Ұлытау» - «Каспий»

17:00. «Оқжетпес» - «Астана»

19:00. «Ертіс» - «Елімай»

17 мамыр 

16:00. «Қызылжар» - «Алтай»

17:00. «Жеңіс» - «Қайрат»

18:00. «Ақтөбе» - «Атырау»

19:00. «Қайсар» - «Тобыл»

20:00. «Ордабасы» - «Жетісу».

Тоғызыншы турдан кейін «Қайрат» 22 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Ордабасының» 19, «Оқжетпестің» 16 ұпайы бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Шахтер» қарсыласын ірі есеппен жеңді.