Бүгін - Мұқағали Мақатаевтың туған күні

АСТАНА.KAZINFORM  -  Бүгін – қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні.

Мұқағали
Фото: egemen.kz

Ақиық ақын «Социалистік Қазақстан» газетінің, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

Ақын поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, замана тынысы.

Оның «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Соғады жүрек», «Шолпан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітаптары бар.

Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының шоқтығы биік ақыны. Бүгінде оның жырлары миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты.

Айта кетейік, шетелдегі қазақ ақын-жазушыларына арналған 9 кітаптың тұсаукесері өтті.

Соңғы жаңалықтар