Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін республика аумағындағы орман қорында 5 өрт тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — 4 тамызда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология министрлігі мәлім етті. 

Бүгін республика аумағындағы орман қорында 5 өрт тіркелді
Фото: Экология министрлігі

Министрліктің мәліметінше, өрт ошақтары орман күзетінің жерүсті патрульдеуі кезінде анықталып, қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылған.

Ақмола облысы — 2 өрт; 

Батыс Қазақстан облысы — 2 өрт;

Қарағанды облысы — 1 өрт.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде аз уақыт ішінде оқшауланып, бірқатар өңірлердегі өрт ошақтары толық сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына «Казавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлері мен орман мекемелерінің техникалары және қызметкерлері қатысты.

— Аптап ыстықтың сақталуы мен найзағайлы фронттардың тұрақты сақталатынын ескертеміз және табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз, — делінген ведомствоның хабарламасында. 

Айта кетейік, Қызылордада өрт қауіпсіздігін сақтамағандарға 11,4 млн теңгеден астам айыппұл салынды.