Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда әлем чемпионаты басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Швейцарияның Цюрих және Фрибург қалаларында шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионаты жалауын көтереді.

ч
Фото: iihf.com

Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген. А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.

Алдымен 19:20-да Канада мен Швеция мұзайдынға шықса, дәл сол уақытта Финляндия мен Германия кездеседі. Ал 23:00-де АҚШ пен Швейцария, Чехия мен Дания ойнайды.

Қазірге дейін Канада - 28 Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.

Айта кетсек, биыл Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.

Отандастарымыз әлем чемпионатында Литваны 4:1, Жапонияны 6:0, Польшавдан 3:2, буллиттен Украинаны 5:4, Францияны 2:1 есебімен басым түсті.

Енді олар 2027 жылы Дюссельдорф және Мангейм қалаларында элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алып отыр.

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер алғашқы оқу-жаттығу жиынын 17 сәуірге дейін Астана қаласында өткізді. Одан кейін Беларусьте 26 сәуірге дейін дайындық жүргізді. Онда 25 сәуірде жергілікті «Динамо-Молодечно» командасынан 5:1 есебімен басым түсті.

Ал 25 сәуірде жолдастық кездесуде қазақстандық хоккейшілер Словения құрамасын 2:1 есебімен қапы қалдырды.