Бүгін төрт облыста үсік жүруі мүмкін - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК  ел аумағында 14 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

қар
Фото: pixabay.com

Дерекке қарағанда, атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын сақтап,  найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

- Оңтүстік-шығыста, түнде орталықта – қатты жаңбыр, солтүстікте – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республиканың оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, - делінген ақпаратта.

ҚР бойынша желдің күшейіп, тұман болады, оңтүстік-шығыста, шығыста, солтүстікте, орталықта - бұршақ, оңтүстік-шығыста дауыл күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының Алакөл ауданында 30 м/с және одан аса қатты жел тұрады.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі

Айта кетейік, Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар