Бүгін түнде Астанада 1°C дейін үсік күтіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін бірқатар өңірлерде — жаңбыр, найзағай, екпінді жел, тұман, бұршақ, кей жерлерде қар күтіледі. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

Астана
Фото: pexels

Елдің батысы мен оңтүстігінде — жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жекелеген өңірлерде — −1…−4°C дейін үсік, шаңды дауыл және 23–28 м/с дейінгі қатты жел күтіледі. 

Астана — түнде 1°C дейін үсік күтіледі.

Алматы — түнде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр.

Шымкент — түнде жаңбыр, найзағай, дауыл, жел екпіні 15–20 м/с.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілетінін жаздық.