Бүгін UEFA Еуропа лигасының плей-офф кезеңі басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойындары өтеді.

а
Фото: UEFA.com

Жарыстың аталған сатысында барлығы он алты команда сынға түседі. Олардың қатарында «Ноттингем Форест» (Англия), «Болонья» (Италия), «Сельта» (Испания), «Штутгарт» (Германия) командалары бар.

Он алты команда сегіз жұп бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз команда 1/8 финалға жолдама алады. 

19 ақпан

  • «Динамо Загреб» (Хорватия) - «Генк» (Бельгия)
  • «Бранн» (Норвегия) - «Болонья» (Италия)
  • ПАОК (Грекия) - «Сельта» (Испания)
  • «Фенербахче» (Түркия) - «Ноттингем Форест» (Англия)
  • «Лудогорец» (Болгария) - «Ференцварош» (Венгрия)
  • «Селтик» (Шотландия) - «Штутгарт» (Германия)
  • «Лилль» (Франция) - «Црвена Звезда» (Сербия)
  • «Панатинаикос» (Грекия) - «Виктория Пльзень» (Чехия)
  • Қарымта ойындар 26 ақпанға белгіленген.

Ал негізгі кезеңде алғашқы сегіздікте болған «Олимпик Лион» (Франция), «Астон Вилла» (Англия), «Мидтьюлланн» (Дания), «Реал Бетис» (Испания), «Порту» (Португалия), «Брага» (Португалия), «Фрайбург» (Германия), «Рома» (Италия) командалары 1/8 финалға бірден жолдама алды. 

Финал 20 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өткізіледі. 

Еске салсақ, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойындары өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум