Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — 3 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

ауа сапасы
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 3 ақпан, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Көкшетау, Шымкент, Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар