Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 12 қыркүйекте Алматы, түнде Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қарағандыда 7 гектар жер өртеніп, қалаға түтін жайылды.
Сондай-ақ облыста экологиялық заң бұзушылықтарға 57 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Өңірдегі стихиялық қоқыс орындарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін «Орталық Азияның Жасыл белдеуі» бастамасын іске асыру шеңберінде еліміздің аумағында 1 млн гектардан астам жерде орман екпелерін құру жоспарланып отыр.