Бұғы төлін аюдан құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Аризона штатындағы Флагстафф қаласының тұрғыны Шэннон Севилль (Shannon Seville) америкалық қара аюдың вапитиға (бұғының түрі) шабуыл жасаған видеосын түсіріп алған. 
None
None

Бұл туралы Haffington Post басылымы жазды. 

Аю оның анасы басқа жаққа қарап тұрған кезде төліне шабуыл жасаған. Төлдің маңыраған даусына бұғының назары ауады, оның жақындағанын байқап қалған жыртқыш ағашқа өрмелеп кетеді. Ал ол тағы да теріс қараған кезде аю төмен түсіп, төлге қайта ұмтылады. Бұл жолы жанұшырған вапити  алдыңғы тұяқтарымен аюды тебеді. Соққы тиген жыртқыш алды артына қарамастан тұра қашады.

Әйелдің Facebook-ке жариялаған видеосы 2,6 миллион рет қаралған. 

Вапити - Солтүстік Америкада таралған бұғының түрі. 

Соңғы жаңалықтар