Бұхарада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM - 11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда
Фото: Kazinform

- Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр, - делінгн хабарламада. 

Осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның ықпалдастығы артып келе жатқаны туралы жаздық.