Бухаресте түнгі клубтағы жарылыстан 25 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бухарест қаласында түнгі клубтардың бірінде жарылыс болып, 25 адам қаза тапты. БАҚ-тың хабарлауынша, жарылысқа пиротехника себеп болған.

Бухаресте түнгі клубтағы жарылыстан 25 адам қаза тапты

Румыния астанасындағы түнгі клубтардың бірінде болған жарылыстан 25 адам қаза тауып, 88 адам жараланды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Гебриэл Опреа мәлім етті, деп хабарлады Reuters.

Қазір оқиға орнында бірнеше жедел жәрдем қызметі жұмыс істеуде. ІІМ орынбасары Раед Арафаттың айтуынша, қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Фото: REUTERS 2015