Бүкіләлемдік туристік ұйымының логотипін заңсыз қолдану оқиғалары кездеседі - Е.Юнис

АНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде Бүкіләлемдік туристік ұйымының логотипін заңсыз қолдану оқиғалары кездеседі. Астанада өтіп жатқан Бүкіләлемдік туристік ұйымының Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясының пленарлық мәжілісі барысында ұйымның жұмыс және бюджет бағдарламасының директоры Евгений Юнис осы мәселені атап өтті,

Бүкіләлемдік туристік ұйымының логотипін заңсыз қолдану оқиғалары кездеседі - Е.Юнис

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, осы мәселеге орай ұйым жанынан 6 ел кіретін арнайы жұмыс тобы құрылып, ұйымның логотипін заңды түрде қолдану мәселелерімен айналысатын кеңесші бекітілді. «Аталған топ пен заң кеңесшісі ұйымның логотипін қолдану мәселесін жан-жақты зерттеп, осыған байланысты арнайы ережелерді әзірлейтін болады. Бұған дейін біз бұл логотипті тіркеп алуымыз қажет», - дейді Е.Юнис.