Букмекерлер Головкин-Альварес жекпе-жегіне бәс қабылдай бастады

Аталған букмекерлік контора Головкиннің жеңісіне - 1.25, Альвареске 3.75 коэффициентін қойып отыр. Олар екі боксшы тең түседі деген болжамның соммасын 25 есеге көбейтуге әзір. Бұдан бөлек, Геннадий Головкин ұпай санымен жеңсе - 4, нокаутпен - 1.6 коэффициенті белгіленген, ал Альварестің жеңісіне сенім аз. "Канелоның" ұпаймен жеткен жеңісіне 5.50 берілсе, нокауттың коэффициенті 11-ді құрап отыр. Алайда бұл жекпе-жек келесі жылы 31 желтоқсанға дейін өтпесе, барлық бәстер автоматты түрде жойылады.
Айта кетейік, кәсіби бокстың жанкүйерлері Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегін көптен бері күтіп жүр. Аталған кездесу биыл өтеді деген болжам болған. Алайда Альварес өз белбеуінен бас тартып, бұл жекпе-жекке тыңғылықты дайындалу қажеттігін мәлімдеді. Бертін келе, мексикалық боксшының промоутерлері Головкинге 10 млн. доллар көлемінде бекітілген қаламақыны беруге дайын екендіктерін жеткізген. Алайда GGG-дің командасы ол ұсыныстан бас тартты. Себебі осы жекпе-жектен бұдан да көп ақша түседі деген болжам бар. Екі жақ "Головкин-Альварес" бокс кешін келесі жылы күзде өткізуге ниетті.