Бұқтарма су қоймасына трактор батып кетті

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Миролюбовка селосының тұсында Бұқтарма су қоймасына трактормен батып кеткен балықшыны іздестіру бүгін де жалғасуда. Іздеу шаралары әзірге ешқандай нәтиже әкелген жоқ,

Бұқтарма су  қоймасына трактор  батып кетті

деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосынан.

Ақпанның 14-і күні түсте Бұқтарма су қоймасының Баты учаскесінде балықшылар үшін мұз жолын тазалау кезінде МТЗ-82 тракторы мұздың астына түсіп кетті.

48 жастағы такторшы суға батып бара жатқан трактордан секіріп үлгерген, ал онымен бірге болған 33 жастағы балықшы техникамен бірге мұз астына кеткен.

Жарты сағаттан кейін оқиға орнына келген Күршім ауданының құтқарушылары екі рет мұз астына түсті - тактор табылды, бірақ онда адам денесі болмай шықты. Іздеу шаралары жалғасуда.