17:43, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Бұқтырмада жылына 400 тонна карп балығы өсірілетін болады - ШҚО
СЕМЕЙ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Бұқтырма уылдырық-өсіру шаруашылығында карп балығы өндірісінің көлемі жылына 400 тоннаға жеткізілетін болады.

Бұл жөнінде «Ертiс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандардың есебі бойынша, жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі - алты жыл. Бұқтырма уылдырық-өсіру шаруашылығының қуаттылық жобасына үшінші жылы қол жеткізілетін болады.